102

Конструкторские разработки
в области НефтеАвтоматики.

Мұнайшы қазақ жігіті алпауыт Booking компаниясына қалай кірді?

Фрагменты 28.01.2020 12:02
Санжар Сатыбалдиев

Алматылық 33 жастағы Санжар Сатыбалдиев бүгінде әлемнің кез келген нүктесіндегі қонақүй, пәтерді Интернет арқылы брондау жүйесін ұсынатын алпауыт Booking компаниясында бағдарламашы болып қызмет атқарады. Алайда ол мамандығы бойынша - геолог, елде табысты мұнай компанияларында жұмыс істеген. Қазақстандық жігіт Tengrinews.kz тілшісіне елімізде өте абыройлы саналатын жұмысынан неге шығып кеткенін, бағдарламалауды қалай үйренгенін және Booking компаниясыдағы жұмысы туралы айтып берді. 

Санжар Сатыбалдиев "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның ең ірі және беделді оқу орындарының бірі Бирмингем университетінде геолог мамандығын 2010 жылы тәмамдаған. Кейін Францияның Нанси қаласындағы Лотарингия университетінде 2 жыл мастерге оқыған. Аяқтағаннан кейін Қазақстанда бірнеше уақыт уран индустриясында, кейін 4 жыл мұнай өнеркәсібінде петрофизик, геолог болып жұмыс істеген. Айтуынша, бұл оқуға өз қалауымен түскен, алайда саладан болашақ көрмеген.

"Сол кезде мұнайшы болған сәнді еді. Университетте оқуым өте ұнайтын, Ұлыбритания бойынша, тіпті Испанияға экскурсияларға көп баратынбыз. Соңғы жұмысым БҚО-дағы "Қарашығанақ Петролеум Оперейтингте" болды. Өзім Алматыда туып, өскеннен кейін шағын қалаға үйренісу қиын болды және үнемі дағдарысқа ұшырап отыратын мұнай саласынан осыдан ары өсе алмайтынымды түсіндім. Сол жылы ұлым да дүниеге келді, оған қамсыз, жарқын өмір сыйлағым келді, бұл маған алға жылжуға шабыт берді", - дейді ол. 

Қазақстандық жігіттің қазір бағдарламашы болып жүргеніне 3 жыл болған. Айтуынша, жұмысынан шығып, басқа жаққа барғанда жалақысы екі есеге азайған. 

"Booking-тен бұрын 2-3 жыл интернет дүкенде бағдарламашы болдым. Сол кезде бұрын алып жүрген жалақымның жартысы ғана қолыма тиетін. Десе де, тез өстім, бір жылда сол айлығымды қуып жеттім. Ал мұнда одан 3,5 есе көп табамын, сәйкесінше шығын да көп, алайда жақсы өмірге жетеді", - дейді Санжар Сатыбалдиев. 

Айтуынша, бір жылға жуық уақытта бағдарламалау тілін меңгеріп шыққан, бұл саламен бұрыннан таныс болмағанымен, физика математикалық мектебін тәмамдаған соң, қабілеті болыпты. Ағасы бағдарламашы екен, оны дайындаған да сол кісі.

"Ағамды табысты бағдарламашы десем болады. Ол менімен тұрақты сұхбат жүргізіп, түрлі сайт бұзу жолдарын көрсететін. Алдыңғы жұмысымда барлығын үйрендім дегенде басқа шетел компанияларына түйіндемемді жібере бастадым. Нәтижесінде бірнеше жерден кері байланыс алдым, олар: Booking (Amsterdam), Zalando (Berlin), Transferwise (Tallin) және Берлиндегі шағын стартап компания (WeQ)", - дейді қазақстандық жігіт.

Ол Booking-ті таңдаған. Оған себеп болған факторлардың бірі - компанияда қазақтар көп. Айтуынша, жұмысқа кірердегі алғашқы сұхбаты аса күрделі болмаған, алайда system design-нан сәл қиналған екен, өйткені ол жерде барлығы тәжірибеге келіп тіреледі. 

Санжар Сатыбалдиев компанияның қауіпсіздік бөлімінде Software developer болып жұмыс істейді. Ол Booking-тің барлық сервер, қосымшаларының ішкі софт жүйесін жазады. Айтуынша, жұмысқа тұрғанда алғашқы екі ай компаниямен, командалармен және ішкі жүйемен танысасың. Қажет болса бағдарламалау тілін де үйренесің. Себебі компания адамды жұмысқа аларда оның бұрын қандай тілде жазғанына қарамайды екен. Ол компанияның негізгі бағдарламалау тілі Perl-ді үйренген, алайда қазір Java-ны көбірек қолданатын көрінеді.

Айтуынша, ірі компанияларға диплом маңызды емес. Оның дипломы сұхбатқа өту үшін ғана керек болған.

"Офисте 5 адамнан тұратын кішігірім топтарға бөлінеміз. Бір project manager, team lead және бағдарламашылар. Әр команданың өз ережесі бар. Негізі күнделікті таңертең stand up өтеді, онда алға қойған міндеттерді талқылаймыз. Қиындықтар туып жатса, бос бағдарламашылардан көмек сұрауға болады", - дейді ол.

Санжар Сатыбалдиевтың айтуынша, Нидерландыда жұмыс пен жеке өмір арасында баланс бар.

"Бұл менің бұрынғы жұмысымнан өте қатты ерекшеленеді. Себебі Қазастанда артық жұмыс істеу қалыпты жағдай болып кеткен. Оған қоса, компания 29 күн демалысқа шыққанда барлық қонақүйге 25 пайыз жеңілдік береді. Бұл арқылы олар қызметкерлерін көп саяхаттауға, әлем тануға ынталандырады", - дейді ол.

"Букингте" дамудың екі жолы бар: менеджерлік немесе өз жұмысыңда өсу (craft).

"Мен компанияға қарапайым бағдарламашы (core developer) ретінде қосылдым және осы бағытта senior позициясына жетуді жоспарлап отырмын. Booking-те департамент, командалармен ауысып отыруға да болады. Сонымен қатар, инженерлік жұмыстан бизнеске және керісінше", - деп түсіндірді ол. 

Бағдарламашы жігіт бұдан да технологиясы дамыған компанияларды жұмыс істегісі келетінін айтады. Сондай-ақ, Еуропа мен Американың басқа қалаларында отбасымен тұрып көргісі келеді екен. Ал Қазақстанға ақыл-ойым тоғысқан шақта қайтып келемін деп отыр.

Источник: Нефть России
Товар добавлен в список для получения коммерческого предложения
Перейти к запросу коммерческого предложения

Продолжить просмотр сайта
Добавление в список для каталога PDF
Перейти в каталог

Продолжить просмотр сайта