1358

Конструкторские разработки
в области НефтеАвтоматики.

Мұнайдың үстінде отырған Иранда бензин қымбаттап жатыр. Митингіге шыққандардың талабы қандай?

Новости мира 25.11.2019 15:47
Бензиннің қымбаттауы, интернеттің өшуі және билік өкілдерінің мәлімдемелері. Бұл - Иранда өршіп тұрған митингілердің бүгінгі көрінісі.
Ирандағы наразылық шаралары © REUTERS

Бензиннің қымбаттауы, интернеттің өшуі және билік өкілдерінің мәлімдемелері. Бұл - Иранда өршіп тұрған митингілердің бүгінгі көрінісі. Иран ірі мұнай қорларының бірі болғандықтан алпауыт мемлекеттердің назарынсыз қалмайтыны сөзсіз. Tengrinews.kz тілшісі Ирандағы митингінің қалай өрбіп жатқанын баяндайды. 

15 қарашада басталған шеру әлі күнге дейін өршіп тұр. Себеп - жергілікті Ұлттық мұнай тарату компаниясының бензин бағасын қымбаттатуы. Бензиннің екі есе қымбаттауына байланысты шеруге шыққан жергілікті тұрғындар БАҚ мәліметінше, алғашында тек бейбіт митингіге шыққан. Алайда қолына қару алып алаңға шыққандар да болғаны айтылады. 


Ирандағы наразылық шаралары © REUTERS

РИА Новости мәліметінше, шеру кезінде қайтыс болғандардың ішінде жергілікті тұрғындарға қоса қарулы күш әскерінің мүшелері де болған. Ал Иран президенті Хасан Рухани елдегі тәртіпсіздікке Израиль мен АҚШ-ты кінәлап отыр. Шеруге шыққандардың тұтас қаруланғанына күдіктенген президент екі елдің мақсаты - ел қауіпсіздігіне нұқсан келтіру деген пікірде. 

100-ден аса адам көз жұмған деген дерек бар. Иранда халық неге көтеріліп жатыр?

Иранда интернет байланысының нашарлағаны туралы БАҚ-қа бірнеше адам хабарлаған. Елдегі желі тек 21 қарашаға қарай жөнделе бастаған. Интернетті ұлттық қауіпсіздіктің жоғары кеңесі 15 қарашада наразылық шаралары басталғаннан кейін өшіре бастаған.  

Артынша АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter желісіндегі парақшасында Иранда жаппай интернеттің өшуіне байланысты пікір білдірген. Трамптың сөзінше, Ирандағы тұрақсыздыққа байланысты билік өкілдері жергілікті тұрғындар елде болып жатқан оқиғаны жария етпеуі үшін осындай әрекетке барып отыр.  

Сонымен қатар, АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Тwitter желісіндегі парақшасында ирандықтарға шерудегі фото және видеоларды Telegram арқылы жіберіп отыруды сұраған. Оның сөзінше, осы арқылы АҚШ Иранға адам құқығын бұзғаны үшін санкция жариялай алады. 


Ирандағы наразылық шаралары © REUTERS

РИА Новости мәліметінше, Америка Иранның байланыс және ақпарат министрі Мохаммада Джавад Азариге санкция жариялаған. Министрге қарсы санкция "оның интернет-цензурадағы ауқымды рөлі" үшін салынған. 

Ал 23 қарашада Иран бойынша АҚШ-тың арнайы өкілі Брайан Хук Facebook, Instagram және Twitter компанияларын Иран басшылығының аталған әлеуметтік желілердегі парақшаларын бұғаттауға шақырған. Оның ішінде Иранның жоғары басшысы Али Хаменеи, сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад және президент Хасан Руханидің парақшаларын өшіру керегі айтылған. 

БҰҰ жаңалықтар қызметінің мәліметінше, ирандықтар тек бензин бағасының қымбаттауына емес, сондай-ақ жалақының кешіктірілуі, өмір сүру деңгейінің төмендеуі мен азық-түлік тапшылығына наразы. БҰҰ сарапшыларының сөзінше, елдегі ауыр ахуал нашар экономикалық басқару мен жемқорлыққа байланысты. 

БҰҰ өкілдері шеру кезінде тұтқындалған адамдар мен көз жұмған адамдар саны күннен күнге өсіп келе жатқанына алаңдаулы. Себебі 15-19 қараша аралығында 106 адам көз жұмып, 1000-ға жуық адам тұтқындалды деген дерек бар. 

РИА Новости мәліметінше, Ирандағы ахуалға байланысты 2020-2021 жылдары елде өтетін сайлау кезінде билік толығымен ауысуы мүмкін. Бұл туралы сарапшылар "Россия сегодня" Халықаралық жаңалықтар агенттігі ұйымдастырған баспасөз мәслихатында айтқан. 

Ал Ресей ғылым академиясы, Шығыстану институтының аға қызметкері Владимир Сажин ирандық сарапшылар жемқорлық пен ауыр экономикалық жағдайды алға тартқанын атап өткен. Сажинның сөзінше, биыл Иранның жалпы ішкі өнімі 9,5 пайызға төмендеген. 

Мәселенің тамыры тереңде жатқаны белгілі болды. Елдегі ауыр экономикалық жағдай деп отырғанымыз - 2016 жылдан бері келе жатқан мәселе. Lenta.ru мәліметінше, осыдан үш жыл бұрын ирандықтардың 40 пайызы кедей өмір сүрген. Алайда ол кездің өзінде Ирандағы экономикалық жағдай жақсы болған екен. 

Қара алтын - ел экономикасының негізгі тірегі. Сондықтан Иран экономикасына баға тұрақсыздығы да әсер етпей қоймайды. 2018 жылдың мамырында Вашингтон иран мұнайының экспортталуына тыйым салды. Себебі америкалықтар Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келісімнен бас тартқан, яғни, Бірлескен кешенді іс-қимыл жоспарынан шығатынын хабарлаған. 


Ирандағы наразылық шаралары © REUTERS

Нәтижесінде 2018 жылы Иранның жалпы ішкі өнімі 3,8 пайызға төмендеген. Сарапшылардың сөзінше, бұл көрсеткіш 2021 жылға қарай екі есе өсуі мүмкін. Америкалық сарапшылар санкциялардың салдарынан Иран 50 миллиард долларынан айырылғанын айтады. 

Иранда кең етек жайған тағы бір мәселе - елдегі жұмыссыздық деңгейінің өсуі. 2019 жылдың өзінде елдегі жұмыссыз жастардың саны 28 пайыз болған.

Бүгінде Иранда елдегі тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген 180 адам банк бөлімшелерін өртеп жіберген, мүлікке зиян келтіру, құқық қорғау органдарының нысандарына шабуыл және басқа да заңсыз әрекеттер жасады деп айыпталған. 

Lenta.ru мәліметінше, Иранда санкцияларға байланысты үлкен экономикалық қысым жасалып жатыр. Халықтың наразылық шараларын ұйымдастыру себебі де осы деп түсіндіріледі. 

Источник: Нефть России
Товар добавлен в список для получения коммерческого предложения
Перейти к запросу коммерческого предложения

Продолжить просмотр сайта
Добавление в список для каталога PDF
Перейти в каталог

Продолжить просмотр сайта